Астана полициясына бағасы пәтер құнына тең желдеткіштер не үшін керек?

Астана полициясына бағасы пәтер құнына тең желдеткіштер не үшін керек?
Фото: pexels.com

Астана Полиция департаменті 40 миллион теңгеге екі желдеткіш сатып алуға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Астана ПД баспасөз қызметі мәліметінше, кондиционерлер өнеркәсіп және сервер бөлмесіне қажет.

"Бұл желдеткіштер - күрделі әрекет ету механизмі, өйткені жабдық салқындату режимінде жоғары өнімділікке және қажетті мәндерге сәйкес серверлік үй-жайдың ауа ортасының оңтайлы параметрлерін сақтау мақсатында жұмыс істеуге маңызды тораптардың көп санына ие және олар полиция департаментінің ақпараттық жүйелері мен дерекқорларының тәулік бойы үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді", - деп хабарлады ведомство.

Еске салайық, бұған дейін Астана Полиция департаменті жалпы құны 40 миллион теңгеден асатын екі желдеткіш сатып алуды жоспарлағаны белгілі болды. Бұл туралы ақпарат мемлекеттік сатып алулар сайтында пайда болды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан