ШҚО-да 1 жасар бала батарейка жұтып қойған

ШҚО-да 1 жасар бала батарейка жұтып қойған
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны бір жасар баласының батарейканы қалай жұтып қойғанын айтып берді. Зайсандық дәрігерлер осы уақыт бойы сәбиді тұмауға қарсы емдеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мамыр айында бір жасар нәресте өзін нашар сезіне бастаған. Баланың анасы Зайсандағы тұрғылықты жеріндегі емханаға апарған.

"Келесі айда екі жасқа толады. 26 мамырда тұмаумен қатты ауырды. Дене қызуы көтерілді, жөтел болды, емханаға бардық. Дәрігерлер қарап, тексеріп, антибиотиктер, жөтелге қарсы сироптар жазып берді. Біз сауығып кететін шығар дегенбіз, бірақ кейін тамақ жұта алмай қалды. Тәбеті жақсы. Бірақ жұта алмай, шайнап, түкіріп тастайтын. Тамақ жұтса, қандай да бір шырышпен құсып тастайтын", - дейді баланың анасы Маржан.

Әйел педиатрға қайта барады. Балаға фарингит диагнозы қойылған.

"Дәрігер қақырық түсіретін дәрі жазып берді. Тіпті кейбір медбикелер баланың асқазанындағы жатқан судан шырыш пайда болатынын айтты. Дәрігерлер уайымдамауымды, бәрі өздігінен өтіп кететінін айтты.  Бірақ бәрібір баланың өңешіндегі нәрсе өтпеді. Біздің педиатр демалыста еді, басқа дәрігерлер де фарингитпен ауырғанын айтты. Дәрігер демалыстан келген соң қалаға баруға кеңес берді. Зайсанда толық тексеретін мамандар, аппараттар жоқ", - деді баланың анасы.

Әйел баласын алып Өскеменге барғанымен, ол жақта мамандар болмаған.

"Алматыға келдік, жеке педиатрдың қабылдауына жазылдық, ол бізге педиатриялық орталыққа баруға, ЭГД жасауға кеңес берді. Педиатрия орталығынан олар баланың өңешінен батареяға ұқсайтын затты тауып алды. Бізді дереу дәрігерге жіберді. Балалардың жедел жәрдем ауруханасына бірден рентген түсірілді. Дәрігерлер баланың өңешінде батарейка тұрып қалғанын айтып, оның салдары қандай болуы мүмкін екенін түсіндірді сосын сол күні ота жасалды", - деді Маржан.

Ота сәтті өтті, баладан батарейка алынды, қышқылдың әсерінен өңеште күйік және ойықтар табылмады.

"Біз бір апта бойы ауруханада болдық, фиброгастродуоденоскопия (өңеш, асқазан және он екі елі ішекті зерттеудің ең ақпараттандырылған әдісі) тексерісімен өңеш стенозы бар екенін растады.Тұрғылықты жері бойынша тағайындалған бугинаж жасау керек болды. Бірақ жақында жеке хирургқа бардық, ол бугиенажды қазір жасамау керек екенін, өңешті тесіп тастайтындығын айтты.

Қазір балам тамақты қиналмай ішеді, бірақ оны бақылап отыру керек. Өйткені оның өңешінің стенозы бар. Өңеш толығымен жабылған жоқ. Апта сайын фиброгастродуоденоскопия жасаймыз. Қазір баланың жағдайы жақсы. Алматылық дәрігерлерге рақмет!", - деді баланың анасы Маржан.

 Еске сала кетейік, осыған дейін 6 айлық баласынан айырылған ата-ана дәрігерлерді кінәлап отырғанын хабарлаған едік.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Алғабек