Бас прокуратура АИТВ жұқтыру деректеріне байланысты еліміздегі медицина мекемелерін тексереді

Бас прокуратура АИТВ жұқтыру деректеріне байланысты еліміздегі медицина мекемелерін тексереді
Фото: elements.envato.com

Бас прокуратура АИТВ жұқтыру деректеріне байланысты еліміздегі медицина мекемелерін тексереді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханасында үш пациенттің АИТВ инфекциясын жұқтыру фактісі бойынша ішкі істер органдары Қылмыстық кодекстің 118-бабының 3-бөлігі ("Екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтыру") бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруді бастады.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Бас прокуратураның мәліметінше, Қазақстанда кейінгі 10 жылда медициналық мекеме жағдайында вирусты жұқтыру алғаш рет тіркелді.

"Сондықтан мұндай фактілердің алдын алу мақсатында Бас прокуратура Денсаулық сақтау министрлігіне стационарлық, амбулаториялық-емханалық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін ведомстволық бағынысты медициналық мекемелерде кешенді тексерулер жүргізу туралы талап жіберді. Бірінші кезеңде 549 медициналық мекемені тексерулермен қамту жоспарланып отыр. Бұл мәселе Бас Прокурордың ерекше бақылауында, - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан