Көлігіңізге ағаш құласа, не істеу керек? Заңгер кеңесі

Көлігіңізге ағаш құласа, не істеу керек? Заңгер кеңесі
Фото: ©Tengrinews.kz/көрнекі жағдай

Қолайсыз ауа райы жағдайында бұтақтардың не бүтін бір ағаштың жол бойына құлап, тұрақта тұрған көліктерді бүлдіретін жағдайы жиі кездеседі. Мұндай жағдайда не істеу керек? "Диапазон" басылымы заңгер кеңесін бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандықтардың бірі осындай күтпеген жағдайға қатысты сұрақ қойған.

"Ауламызда екі көліктің үстіне ағаш құлады. 102, учаскелік полиция қызметкері, 109 қызметіне қоңырау шалдық, бірақ бұл жер учаскесіне жауаптыларды таба алмай жатырмыз. Ол қалалық аумаққа кіреді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына үш рет хабарластық, нәтиже жоқ", - дейді тұрғын.

Бұған оқиғаға қатысты заңгер Алена Дуля кеңес берген. Оның айтуынша, қоңырау шалған болсаңыз сіз шақырған қызмет жауаптыларды анықтауы керек.

"Олар әрекет жасамаған жағдайда жоғары тұрған органға немесе прокуратураға шағымдануға болады. Қалай болғанда да учаскеге жауаптылар анықталып, жауапкершілікке тартылады. Содан кейін сіз мүлікке келтірілген залал туралы талап қоя аласыз. Зиянның мөлшерін анықтау үшін бағалаушы қызметін пайдалану керек. Егер залал ерікті түрде өтелмесе, оны сот арқылы өндіріп алуға болады", - дейді заңгер.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан