Түркия елшілігі Ақкенттегі өрттен қаза тапқан әйелдің отбасына көңіл айтты

Түркия елшілігі Ақкенттегі өрттен қаза тапқан әйелдің отбасына көңіл айтты
Фото: Massaget.kz

Түркияның Қазақстандағы елшілігі Ақкент шағынауданындағы көпқабатты үйде шыққан өрттен қаза тапқан әйелдің отбасына көңіл айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Алматы қаласы Ақкент тұрғын үй кешенінде өрттен қаза тапқан қазақ бауырымызға Алладан рақым, зардап шеккен 43 бауырымызға тезірек сауығып кетуін тілей отырып, өрт кезінде ғимараттың 16-қабатынан үш баланы аман алып қалған азаматымызға алғысымызды білдіреміз", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, кеше Алматыдағы Ақкент шағынауданындағы тұрғын үйде өрт шыққаны хабарланды. Кейін өрттен зардап шеккендер саны анықталды.

Ақкент тұрғын үй кешенінің тұрғыны Дидар өрт туралы айтты. Ол - өрттен аман қалған тұрғындардың бірі. Ал Тілеужан Ахметжан есімді жігіт өрттен 6-7 адамды құтқарып алған. Ер адам 1 жасар баланы, көршінің отбасын, бір жігітті және полиция қызметкерін аман алып қалды

Ал Түркия азаматы Шүкүр Гюнай Ақкенттегі өрт кезінде 16-қабатта қалған балаларды құтқарған.

Сондай-ақ, өрт шыққан үйдің ішкі көрінісі жарияланды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек