Бетін түрік жігітке сүйгізген Шахизаданы көпшілік сөгіп жатыр

Әнші Шахизада немересінің перзентханадан шыққанын мейрамханада достарымен атап өткен сәтінен видео жариялаймын деп, сынға қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Кеше немеремді аман-есен шығарып алып, достарыммен "Мерхаба" ресторанына бардық. Алматы, басқа қалаларда қанша рестораннан тамақтанып жүрміз, бірақ бұндай қонақтарына қызықты болсын деп, құрметпен тамақтандырмаған", - деп жазды Шахизада Instagram-дағы парақшасында.

Видеодан даяшы жігіттің әншіні тамақтандырып, сосын ауызын сүртіп берген. Осыдан соң даяшы жігіт Шахизаданың бетін сүйіп алады.

Ал желі қолданушылары әншінің бұл әрекетін "Жасыңа сай емес", "Қазақтарға мазақ болып, түріктің түкірігіне сүрінді десейші. Келіні мен ұлының бетіне қалай қарайды екен. Осы орта жастан асқан кәрі апамыз", "Ұят қой", "Ерсі көрінеді" деп сөгіп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін әнші Шахизада өзінен 18 жас кіші сүйіктісі Ерболат Ержанбаевқа қатысты бар шындықты айтқан еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!