Түркістан облысында 11 жастағы бала зираттағы көктастарды бояп тастаған

Түркістан облысында 11 жастағы жасөспірім зираттағы көктастарды бояп тастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысының тұрғыны зираттағы көктасты белгісіз біреу сызып, бояп тастағаны туралы видео жариялады.

Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 294-бабы 1-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеу амалдары басталды.

Мұны 11 жастағы кентаулық жасөспірімнің істегені анықталды.

Жасөспірімнің үйі зираттың маңында орналасқан. Үйінен ойнап шыққан бала зираттан көк түсті бояу тауып алып, бірқатар жерленген адамның көктасын, олардың қоршауын бояп шыққан.

Ал әкесі ұлының балалықпен жасаған іс-әрекетіне өкініп, кешірім сұрады. Қазір оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!