Павлодарда екі ер адам лифт есігін сындырып тастады

Павлодарда екі ер адам лифт есігін сындырып тастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. 

Сормов көшесі, 5/1 үйінің тұрғындары әлеуметтік желіде лифтіні бейтаныс адамдар бұзып, сындырды деп шағым жазған. 

"Бір апта бұрын лифтіні сындырды. Қызмет көрсететін ұйым оны жөндеуден бас тартты", - деп жазды хабарламаның авторы. 

Облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша зерттеу жүргізіп жатыр.

"Сормов көшесіндегі  үй тұрғындарының өтініші бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, - деп хабарлады ведомство.

Қазіргі уақытта екі ер адам анықталды, оларды ұстау үшін шаралар қабылданып жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!