Секірген қыздың басы жерге тиіп қанап кетті. Ақкентте тұрғындарды құтқарған ер адам оқиға жайлы айтты

Секірген қыздың басы жерге тиіп қанап кетті. Ақкентте тұрғындарды құтқарған ер адам оқиға жайлы айтты
Фото: Massaget/Yernar Almabek

Өртеніп жатқан көпқабатты тұрғын үйден секірген адамдарды құтқаруға атсалысқан қала тұрғыны оқиға туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Біз әйнекті сындырып кілем мен матрастарды алдық. Сол арқылы көп адамды құтқарып қалдық. 4-5-этаждан секірген адамдарды матрастың үстіне 2-3 қабаттап кілемді тартып тұрдық. Көбіне балаларды құтқарып алдық. Өйткені олар жеңіл ғой. Адамдардың барлығы "паника" болғаннан секірді деп ойлаймын. Негізі әрбір үй өртенген жоқ. Шахтадан басталып, қою қара түтін басты ғой. Сол кезде есік ашып қалған тұрғындар қою түтінді көріп қорқынышпен секіріп кетті деп ойлаймын", - дейді Нұржан Мереев. 

Сонымен қатар өрттен қаза тапқан әйелдің де оқыс жағдайда денсаулығына зақым келуі мүмкін екендігін айтты. 

"Ал қайтыс болған әйелде қатты салмақпен түскенде кілем болғандықтан жерге тиіп кеткен шығар. Көп жігіттердің тырнақтарын жұлып алды. Қатты кілемге адамдар жоғарғы қабаттардан секірген кезде ұстау қиын болды, - дейді ол. Қарбаласта кімнің қалай жерге түсіп жатқанын білмейміз. Мәселен, бір қыз құлады, жерге тиді басы, бәрі қанап кетті. Ал оның басы жарақат алды ма, қабырғасы сынды ма біз білмейміз. Тек бірден жедел-жәрдем қызметкерлеріне тапсырдық", - дейді ол. 

 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Зинешов