Алматыда Aport Mall-да жарылғыш зат қойылды деген ақпарат тарады

Алматы маңындағы Aport Mall сауда орталығына бомба қойылды деген ақпарат тарады. Ақпаратты Алматы облысының полиция департаменті өкілдері растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция қызметкерлері жарылғыш заттың іздестіріліп жатқанын айтты. Әзірге күдікті құрылғылар табылған жоқ.

Желіде қала тұрғындарының ғимараттан эвакуацияланып жатқан видеосы пайда болды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз