Түркістан облысында 38 жастағы әйел іздестіріліп жатыр

Түркістан облысының полицейлері жоғалған әйелді іздестіріп жатыр , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

1 тамызда Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын, 1985 жылы туған Гүлсім Нарджигитованың жоғалғаны туралы хабарлама түскен.

31 шілдеде сағат 11:00 шамасында ол үйінен Дихан ауылына шығып, содан қайтып оралмаған. Дерек полиция бөліміне тіркелді.

Әйелді іздеуге полиция бөлімінің жеке құрамы бірден бағыт алды. Әйелдің белгілері жазылған, фотосуреттері бар ақпарат барлық қалалық және аудандық полиция бөліміне жіберілді.

Жергілікті тұрғындардан құрылған еріктілермен бірге әйелдің баруы мүмкін барлық жақын аумақ тексеріліп жатыр.

"Бойы 160 сантиметр, орта денелі, шашы ұзын қара түсті. Үстіне қызыл көйлек, ақ түсті жазғы аяқкиім киген. Қызыл сөмкесі мен ұялы телефоны болған. Қандай да бір ақпарат болса, 8-725-41-21-2-02, 8-747-541-62-56, 102 телефондары бойынша хабарласуыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!