Шымкентте білім басқармасының лауазымды тұлғалары тұрақты түрде пара алып отырған

Шымкентте білім басқармасының лауазымды тұлғалары тұрақты түрде пара алып отырған
Фото: Тұрар Қазанғапов/tengrinews.kz

Шымкенттік білім басқармасының лауазымды тұлғалары жүйелі жемқорлық қылмыстар үшін сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты білім басқармасының мамандары А.Шиндаулов пен М.Мейірбековке қатысты үкім шығарды.

"Оларға 36 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған. Олар субсидиялау шарттарына кедергісіз қол қойғаны үшін 100 мыңнан 500 мың теңгеге дейінгі сомада мектепке дейінгі мекемелердің басшыларынан жүйелі негізде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Сотталғандар мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды", - делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сонымен қатар, Департамент білім беру саласындағы жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау барысында бюджет қаражатын жымқыру схемасын анықтады.

"Мәселен, екі қалалық мектептің бухгалтері 2020-2023 жылдар кезеңінде өзінің жеке шотына мектеп қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қорына бөлінген 67 миллион теңгеден аса қаражатты заңсыз аударған. Жымқырудың ұқсас схемасы №2 мектепте қолданылды, онда 6 жылдан аса уақыт бойы директор, бас менеджер және бас бухгалтер бірлесіп жұмыс істеген", - делінген Антикор мәліметінде.

Сонымен қатар, мектеп директорлары мен олардың қарамағындағылардың командалық қозғалысы айтарлықтай жемқорлық тәуекелдеріне алып келеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан