Алматыдағы өрттен зардап шеккендер мектептің спорт залында түнеп жатыр

Алматыдағы өрттен зардап шеккендер мектептің спорт залында түнеп жатыр
Фото: Massaget.kz

Алматы әкімдігі Алатау ауданы Ақкент шағынауданы №54 көпқабатты үйде болған өртке байланысты қандай шаралар қабылдап жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Аудан әкімі Азамат Қалдыбековтың төрағалығымен № 54 үйдің алдында жедел штаб құрылды, оған төтенше жағдайлар департаменті, полиция басқармасы, прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, әкімдік, РМО, РҚБ өкілдері кіреді.

Жедел штаб тәулік бойы жұмыс істейді.

  • Полиция басқармасы зардап шеккен азаматтардың мүлкінің қауіпсіздігі мен сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті жерде полиция қызметкерлерінің кезекшілігін ұйымдастырды.
  • Зардап шеккен тұрғындар 178 лицейдің қонақүйі мен спорт залында түнеп, тамақтанады.
  • Сонымен бірге Алматының құтқару қызметі арқылы 250 төсек орын дайындаған.
  • Аумақты санитарлық тазарту бойынша аудан қызметінің жұмысы ұйымдастырылды;
  • Аудан әкімдігі пәтердің бүлінген материалдарын (терезелер, есіктер және басқалар) қалпына келтіру мәселесі бойынша құрылыс салушымен келіссөздер жүргізді, оның нәтижелері бойынша құрылыс салушы пәтерлерді қалпына келтіруге міндетті;
  • Тұрғындар арасында қажетті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр;
  • Зардап шеккендер үшін жедел желі ұйымдастырылды: 87071872507, 3989820;
  • Зардап шеккендерді уақытша тұрумен қамтамасыз ету үшін жақын маңдағы қонақүйлермен келіссөздер жүргізілді;

"Қазіргі уақытта барлық қызмет штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, аудан әкімі Азамат Қалдыбеков және барлық мүдделі қалалық пен аудандық қызметкер оқиға болған жерде жүр. Қазіргі кезде жағдай тұрақты", - делінген хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан