"16-қабатқа шығып, балаларды бір-бірден түсірдім". Түркия азаматы өрт туралы айтты

Түркия азаматы Шүкүр Гюнай Ақкенттегі өрт туралы айтып берді. Ол 16-қабатта қалған балаларды құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Кранның жетпейтінін білдім. Сол жерден баспалдақты алдық. Баспалдақ қауіпті болды. Дос балалар көмектесті, рақмет. 16-қабатқа шығып, балаларды бір-бірден арқанмен түсірдім. Кішкентай балалар болған соң қорықпадым", - деді ол. 

Еске салайық, бүгін Алматыдағы Ақкент тұрғын үйінде өрт шыққаны хабарланды. Кейін өрттен зардап шеккендер саны анықталды.

Ақкент тұрғын үй кешенінің тұрғыны Дидар өрт туралы айтты. Ол - өрттен аман қалған тұрғындардың бірі. Ал Тілеужан Ахметжан есімді жігіт өрттен 6-7 адамды құтқарып алған. Ер адам 1 жасар баланы, көршінің отбасы, бір жігітті және полиция қызметкерін аман алып қалды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!