Ақкентте үйі өртеніп кеткендерге азық-түлік пен жататын орын ұйымдастырылады

Ақкентте үйі өртеніп кеткендерге азық-түлік пен жататын орын ұйымдастырылады
Фото: Massaget.kz

Алматының Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков Ақкенттегі өрт болған аймаққа барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"16 қабатта полиция қызметкерлері тұр. Бұл қауіпсіздік мақсатында жасалып отыр", - дейді әкім.  

Үйі өртеніп кеткендерге азық-түлік пен жататын орынды әкімдік ұйымдастырып жатыр. 

Еске салайық, бүгін Алматыдағы Ақкент тұрғын үйінде өрт шыққаны хабарланды. Кейін өрттен зардап шеккендер саны анықталды.

Ақкент тұрғын үй кешенінің тұрғыны Дидар өрт туралы айтты. Ол - өрттен аман қалған тұрғындардың бірі. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина