Адамдар терезеден секіріп жатыр: Алматыда 16 қабатты тұрғын үйден өрт шықты

Алматыда 16 қабатты үйдегі пәтер өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өрттің видеосы әлеуметтік желідегі парақшаларда тарады.

Ақкент ықшамауданында өрт шықты. Адамдар терезеден секіріп аман қалуға бекініп жатыр дейді видео авторы", - делінген тағы бір жазбада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КАСКЕЛЕН И КАРАСАЙСКИЙ РАЙОН (@kaskelenkz)

Алматының төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бүгін, 1 тамызда сағат 17:10-да төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары Алатау ауданындағы Ақкент шағынауданы, 54 мекенжайына жіберілді.

"Оқиға орнына 6 минутта жетіп, 16 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатындағы пәтер өртеніп жатқаны анықталды. Оқиға орнында 5-6-қабатта лифт шахтасында электр сымдары өртеніп жатыр", - деп хабарлады департамент.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!