Ақмола облысындағы лагерьден тышқан уы, спирт пен темекі табылды

Ақмола облысында балалар лагерьлерінде заң бұзушылықтар анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысындағы балаларды сауықтыру орталықтарын (балалар лагерьлерінің) тексерудің алдын ала нәтижесі бойынша, санитарлық-эпидемиологиялық заңнама, өрт қауіпсіздігі, еңбек, білім беру, медициналық заңнама және т.б. талаптардың бұзылғаны анықталды.

Мысалы, лагерьлердің бірінде 21 қызметкердің 18-і еңбек шартынсыз және санитарлық кітапшасыз жұмысқа қабылданған. Лагерьде 100 баланың орнына белгіленген нормадан көп балалардың бір мезгілде болу фактілері анықталды, іс жүзінде демалып жатқан 170 бала.

Лагерь аумақтары мен үй-жайларын тексеру кезінде спирттік ішімдіктердің бос бөтелкелері, темекі бумалары, құрамында спирті бар сусындарды өндіруге арналған аппарат, пневматикалық қару, балалар лагерінің ас үй аймағында сақталған тышқанның уы және басқа да тыйым салынған заттар табылды.

Кейбір лагерьдің әкімшілігі балаларды тиісті нұсқаушылардың (құтқарушылардың) сүйемелдеуінсіз жаппай шомылу орындарына (шомылуға тыйым салынады) апару фактілері де тіркелді.

Бүгінде тексеру іс-шаралары жалғасып жатыр және анықталған заң бұзушылықтарға байланысты шаралар қабылданатын болады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!