Тамыздан бастап қазақстандықтардың өмірінде қандай өзгеріс болады?

Тамыздан бастап қазақстандықтардың өмірінде қандай өзгеріс болады?
Фото: Massaget.kz / Ернар Алмабек

Тамыздан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады? Massaget.kz тілшісі шолу жасады.

Қанша күн демаламыз?

Биыл Конституция күні сәрсенбіге сәйкес келеді. Соған байланысты қазақстандықтар 30 тамызда бір күн ғана демалады.

Сондай-ақ аптасына бес күн жұмыс істейтіндер: 5, 6, 12, 13, 19, 20, 26 және 27 тамызда демалады. Барлығы - 8 күн.

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндерге 4 күн демалыс болады: 6, 13, 20 және 27 тамыз.

1 тамызда бірінші сыныпқа қабылдау үшін өтініш беру тоқтатылады. Оқу-ағарту министрлігінің орта білім комитетінің мәліметінше, 15 маусымда балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін 249 737 өтініш түскен. Олардың ішінде балалардың 70 пайызға жуығы мемлекеттік тілде оқытуды таңдады.

Грант тізімі

Білім беру гранты иелерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады. Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, негізгі ҰБТ басталғаннан бері 218 мың ретке жуық тест тапсырылды. Оның ішінде талапкерлердің 75 пайызы қазақ тілінде, 25 пайызы орыс тілінде, 0,1 пайызы ағылшын тілінде тестілеуден өткен.

ҰБТ басталғалы шекті балды 78 пайызға жуық талапкер жинаған. Орташа балға - 69. Ең жоғары балл - 137.

Айта кетейік, "Қазақстан халқына" қоры қосымша 850 грант бөлген болатын. Оны келесі сатыдағы адамдар ала алады:  

  • ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылар;
  • жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • мүгедектігі бар азаматтар;
  • мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары;
  • 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде жараланған балалар;
    төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен Қазақстан Республикасының қаза тапқан азаматтарының балалары (Қордың Қамқоршылық кеңесінің шешімі негізінде).

Көлік жүргізу куәлігін алудағы өзгерістер

8 тамыздан бастап Ішкі істер министрінің көлік жүргізу куәлігін алуға қатысты өзгерістер бұйрығы күшіне енеді, яғни:

  • теориялық немесе практикалық емтихандарды тапсыру үшін жүргізушілерге кандидаттар электрондық үкімет порталы, екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелері арқылы немесе қызмет операторына жүгіну арқылы өтініш береді;
  • жүргізушіге кандидат тұлғаның биометриялық деректерін мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтермен салыстыру арқылы сәйкестендіруден өтеді;
  • кейін жүргізушіге кандидаттың жеке кабинетінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

Тамыз айындағы ең қауіпті үш күн 

Тамызда үш күн магниттік дауыл болады. 

  • 1-2 тамыз аралығында 2 балдық атмосфералық шабуыл болады.
  • 3-4 тамызда атмосфералық шабуыл деңгейі 3 балға жетеді.
  • 4-18 тамыз аралығында 2 балл деңгейі сақталады.
  • 18-29 тамызда шабуыл деңгейі төмендейді.
  • 30 тамызда айтарлықтай атмосфералық шабуыл болады: деңгейі 3 балға жетеді.
  • 31 тамызда шабуыл деңгейі 1 балға төмендейді.

Осылайша, магниттік дауыл 3, 4 және 30 тамызда болады. 

Тамыздағы ауа райы

Жаздың соңғы айында Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы басталады. Атмосфералық фронттардың өтуімен жауын-шашын, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі.

Айдың бірінші онкүндігінде ауа температурасының шамалы төмендеуі болжанады:

  • республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында түнде +12+22°С-тан +10+18°С-қа дейін, күндіз +30+35°С-тан +22+30°С-қа дейін,
  • оңтүстік өңірлерде түнде +20+27°С-тан +18+23°С-қа дейін, күндіз +34+42°С-тан +28+35°С-қа дейін.
  • Еліміздің батысында ауа температурасының түнде +13+20°С-тан 20+25°С-қа дейін, күндіз +25+30°С-тан +33+41°С-қа дейін; оңтүстік-батыста түнде +20+25°С-тан + 25+30°С-қа дейін шамалы ауытқуы күтіледі, күндіз ауа температурасы +30+40°С шегінде сақталады.

Тамыздың екінші және үшінші онкүндіктерінде республика аумағында барикалық түзілімдердің кезектесуі байқалатын болады. Ыстық және құрғақ күндер салқын және жаңбырлы, кейде найзағай мен бұршақпен ауысып отырады. Ауа температурасы солтүстік аймақтарда түнде +13+20°С-тан +8+15°С-қа дейін, күндіз +17+25°С-тан +23+30°С-қа дейін ауытқуы, оңтүстік және батыс аймақтарда ауа температурасының негізгі фоны түнде +13+22°С, күндіз +28+38°С күтіледі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина