Түркістан облысында бағдаршаммен ойнаған жасөспірімдердің ата-анасы жазаланды

Полицейлер қызық үшін жол қозғалысын бақылайтын бағдаршаммен ойнаған жасөспірімдерді анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тәртіп сақшылары белгісіз жас жігіттердің жол қозғалысын бақылайтын бағдаршамның арнайы құрылғысын ашып, тоқ жалғанған түймесін басып, электр сымдарымен ойнаған сәті түскен бейнежазбаны анықтады.

Құқық бұзушылық жасағандар Созақ ауданының кәмелет жасына толмаған үш тұрғыны болып шықты.

Жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстары жүргізілге. Олар бұл теріс әрекеттерін қызық көру мақсатында жасағандарын мойындап, алдағы уақытта қайталамайтынын жеткізді.

Ата-аналарына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабы бойынша әкімшілік шара қолданылды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!