Шымкенттегі базардың маңынан ер адам өлі табылды

Шымкентте "Автонұр" базарының маңынан ер адамның мәйіті табылды. Сыртқы белгілеріне қарағанда, марқұмның тұрақты тұрғылықты жері болмаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға орнынан өтіп бара жатқандар полицияны шақырған. Алдын ала мәлімет бойынша, 50 жастағы аяғы жоқ ер адам қайыршы болған.

Полицияның мәліметінше, өлім табиғи себептерден болған. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!