Тоқаев суға батып бара жатқан баланы құтқарып, қаза тапқан мұғалімді марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан мұғалім Александр Руденконы ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы Астана қаласының №32 мектеп-гимназиясының алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Александр Иванович Руденконы (марқұм) адам өмірін құтқаруға байланысты төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Александр Руденко биыл 12 шілдеде Шортанды көлінде суға батып бара жатқан баланы құтқарып, қаза тапты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!