Беті-аузы қан: Ақтауда балалардың артынан қуған ер адам ұсталды

Әлеуметтік желіде Ақтау тұрғындары кішкентай балалардың артынан қуды деген ақпарат тарады. Балаларды қорқытқан ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маңғыстау полиция қызметкерлері 43 жастағы ер адамның балалардың артынан қуып, түнде тыныштықты бұзып, адамдардың мазасын алғанын хабарлады.

Полиция департаменті өкілдері оқиғаның мән-жайын айтты.

"2023 жылғы 31 шілдеде сағат 00:25-те "102" нөміріне 26-шағынауданда кішкентай балалардың артынан жүгірген ер адамның ұсталғаны туралы қоңырау түсті. Бұл қоңырауға патрульдік полиция батальоны жауап берді. Тексеру барысында 43 жастағы ер адамның балалардың артынан жүгірмегені, бірақ түнде тыныштықты бұзып, адамдардың мазасын алғаны анықталды", - деді полицияның баспасөз қызметі өкілдері. 

Бұл дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 437-бабының 2-бөлігімен (Тыныштық бұзу) әкімшілік хаттама толтырылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!