Қызылорда облысында әйелімен жанжалдасып қалған ер адам өзін өртеп жіберді

Қызылорда облысында әйелімен жанжалдасып қалған ер адам өзін өртеп жіберді
Фото: ©Pixabay

Қызылорда облысында әйелімен жанжалдасып қалған ер адам өзін өртеп жіберді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға 30 шілде күні облыс орталығындағы аудандардың бірінде болған. 37 жастағы ер адам әйелімен жанжалдасып, өзіне бензин құйып, өртеп жіберген.

"Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін денесін термиялық күйік шалған зардап шегуші көпсалалы облыстық ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады облыстық жедел жәрдем станциясы.

Көпсалалы облыстық аурухана жеке деректерді қорғау туралы заңға сілтеме жасап, науқастың жағдайына қатысты пікір білдіруден бас тартты. Қызылорда облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алакөлде су мотоциклі ер адамның аяғын жұлып кеткенін хабарлаған едік.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Алғабек