"Үйленбеген жігіттің төрт баласы бар әйелді алуы Шымкенттің логикасына келмейді". Алтынай Жорабаева ата-аналарынан қалай рұқсат алғанын айтты

"Үйленбеген жігіттің төрт баласы бар әйелді алуы Шымкенттің логикасына келмейді". Алтынай Жорабаева ата-аналарынан қалай рұқсат алғанын айтты
Фото: әлеуметтік желі

Танымал әнші Алтынай Жорабаева қыздары мен екінші күйеуі қандай қарым-қатынаста екенін айтты. Бұл туралы өнер иесі "Ұйқым келмейді" бағдарламасында әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншінің сөзінше, алғашында күйеуі қыздар қабылдамай қала ма деп уайымдаған.

"Басында "қыздар мені қалай қабылдайды" деді. Мен "қыздарды қоя тұр, сенің әке-шешеңнің алдына барайық" дедім. Үйленбеген жігіттің төрт баласы бар әйелді алуы, ажырасқан әйелді алуы - Шымкенттің логикасына кірмейтін дүние. "Онда тұрған не бар?" дейді. "Сенің әке-шешеңнің алдына барып, батасын алайық, олар бата берсе, менің әке-шешеме барайық" дедім. Әкесінің алдынан өткен кезде "естіп жатырмын. Енді не айтамыз? Бақытты болыңдар. Әке-шешең біле ме?" дейді. "Анам шет жағасын біледі, әкем білмейді" дедім, шошып кетті, "әкең келіспей қойса қайтеміз" дейді. "Неге?" деймін. "Сен жұлдызсың, біз қарапайым адамбыз" деді. "Шымкентте Президенттің қызы болсаң да, ажырасқан әйелдің үйленбеген жігітке тиюі мүмкін емес дүние емес" десем, "балалардың кінәсі жоқ қой" деді. "Әке-шешем қуанбаса қайта" дедім. Бір жылға жетпей үлкен қыз "папа десек бола ма?" деді", - дейді әнші.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова