Президент "Бәйтерек" төрағасы Қанат Шарлапаевқа тапсырма берді

Президент "Бәйтерек" төрағасы Қанат Шарлапаевқа тапсырма берді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы Қанат Шарлапаевты қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің мәліметінше:

  • ірі бизнесті қаржыландыру көлемі 114,4 миллиард теңгені құраған;
  • "Даму" қоры 15 мыңнан астам кәсіпкерге қолдау көрсеткен;
  • жыл басынан бері "Отбасы банкі" 29 мың отбасының баспаналы болуына көмектескен;
  • бірінші жартыжылдықта баспананы жалға беруді субсидиялау бағдарламасы бойынша 9 мыңнан астам өтінімді мақұлдап, І және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларды, жетім балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және көпбалалы отбасыларға қайтарымсыз мемлекеттік қолдау көрсеткен;
  • "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы жыл басынан бері 271 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, 9 мыңға жуық фермерге қолдау көрсетілді. Биыл 3,5 млн гектар жерге егін егілген. Бұл – еліміздегі барлық егіс алқабының 15 пайызы;
  • азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және импортқа тәуелділікті төмендету үшін ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды несиелендіруге 131 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген;
  • аграрлық секторды қаржыландыру көлемінің 70 пайыздан астамы "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ мен "ҚазАгроҚаржы" АҚ-ға тиесілі.

Президент бизнестің ахуалын жақсартуға және әлеуметтік тұрғын үй саясатын жетілдіруге бағытталған нақты тапсырмалар берді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина