Каспий теңізінде жоғалған балықшы 2 тәуліктен бері табылмай жатыр

Каспий теңізінде жоғалған балықшы 2 тәуліктен бері табылмай жатыр
Фото: Lada.kz

Каспий теңізінде жоғалған балықшы 2 тәуліктен бері табылмай жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Іздестіру шараларына аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің, аудан, ауыл әкімдігінің қызметкерлері және ерікті жастар, ауыл тұрғындары мен балықшылары және із-түзсіз жоғалған ер адамның туыстары да қатысты.

Іздестіру-құтқару жұмыстары Сарша жерінің аумағы және Ерсай жағалауына дейінгі аралық қамтылып жатыр. Оған барлығы 60-қа жуық адам, 20-ға жуық техника жұмылдырылды. Олардың ішінде 1 тікұшақ, 10 қайық, жол талғамайтын көліктер бар.

Таңғы уақытта Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінің МИ-8 тікұшағы әуеден бақыласа, 7 сүңгуір (водолаз) теңізде іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ, бұл аумақты дронмен бақылау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек