Жамбыл облысында 80 миллион теңгенің өнімін ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

Жамбыл облысында 80 миллион теңгенің өнімін ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Жамбыл облысында 80 миллион теңгелік аммофос ұрлады деген күдікпен қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Наурыз-шілде аралығында белгісіз адамдар Шайқорық теміржол станциясындағы жылжымалы вагондардан алыс, жақын шетелдерге және Қазақстанның басқа өңірлеріне экспортталатын "Қазфосфат" ЖШС өндірген аммофос тыңайтқышын бірнеше рет ұрлаған. Келтірілген залал 80 миллион теңгеден асады.

"ҚР ҚК-ның 188-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Тараз станциясындағы ЖПБ қызметкерлері "Қазфосфат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қауіпсіздік департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, 22-нен 23 шілдесіне қараған түні Шайқорық станциясында екі Газельмен вагондардан ұрлық жасау барысында облыстың 8 тұрғынынан тұратын қылмыстық топ ұсталды", - делінген хабарламада.

Олардан 5 тонна 700 келі аммофос, 2 көлік құралы және шаруашылық заттары тәркіленген.

"Ұсталғандар кінәсін мойындады. Ұсталғандардың басқа қылмыстарға қатыстылығын анықтау үшін барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан