"Күзетшіні байлап тастаған". Ақтөбеде бетперде киген үш ер адам метал қабылдау пунктіне қарақшылық жасаған

Ақтөбеде бетперде киген үш ер адам метал қабылдау пунктіне қарақшылық жасаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақтөбе облысы Полиция департаментінің ресми парақшасына сілтеме жасап. 

Биыл 20 шілдеде Жедел басқару орталығының "102" телефонына метал қабылдау пунктіне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түсті.

Күзетшінің айтуынша, бетперде киген үш белгісіз жігіт контейнердің әйнегін сындырып, ішке кіріп, оны байлап тастаған. Осыдан кейін олар 700 мың теңге сомасындағы ақшаны ашық түрде ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен.

Жедел іс-шаралар өткізу барысында полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен Хромтау қаласының тұрғындарын ұстады.

Күдіктілер кінəсін мойындады және уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігі "қарақшылық" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!