Маңғыстау облысында мектеп бухгалтері 76 миллион теңге жымқырған

Маңғыстау облысында прокурорлар облыс орталығының жалпы білім беретін мектептерінің бірінде 76 милллион теңгеден аса бюджет қаражатының жымқырылғанын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Маңғыстау облысының прокурасына сілтеме жасап.

Штаттық кесте мен банктік шоттарды салыстыру барысында 3 жыл бойы өзіне артық соманы есептеген мектептің бас бухгалтерінің тиісті және іс-жүзінде төленген жалақысының арасындағы айырмашылық анықталды.

Бұл дерек бойынша прокурорлармен қылмыстық іс қозғалып, тергеу ЭТД-не тапсырылды.

Тергеу барысында мектептің есепшісі кінәсін толықтай мойындады.

Сот үкімімен кінәлі адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету) бойынша 5 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!