Түркия мен Италия футболдан Еуропа чемпионатын бірлесіп өткізуге өтініш берді

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (UEFA) Түркия мен Италия футбол федерациялары 2032 жылғы Еуропа чемпионатын бірлесіп өткізу жайлы өтініш бергенін хабарлады

Бірлесіп өткізу жайлы екі ел федерациясы да растаған. Бұған дейін түріктер 2028 немесе 2032 жылғы жарысты өткізуге таласатынын айтқан еді. Италия футбол федерациясы 2032 жылғы Еуроны өткізуге мүдделі болған. 

2028 жылғы Еуропа чемпионатын Англия, Солтүстік Ирландия, Ирландия, Шотландия және Уэльс бірге ұйымдастырғысы келеді. Өтініш беріп те үлгерген. 

UEFA Италия және Түркия ұсынған өтінішті қарастырады, құжаттары мен жарыс талаптарына сай болуын қадағалайды. Егер бірлескен ұсыныс құжаттары талаптарға сай болса, онда ұйымның Атқарушы комитетіне жолданады. Нәтижесінде 10 қазан күні 2028 және 2032 жылғы Еурододаны өткізетін елдер белгілі болады.