"Мына түрімізбен мүлдем асфальтсыз қаламыз!". Жол маманы қала көшелеріне алаңдаушылық білдірді

"Мына түрімізбен мүлдем асфальтсыз қаламыз!". Жол маманы қала көшелеріне алаңдаушылық білдірді
Фото: Тengrinews

Алматы қаласында жауын-шашыннан кейін жиналатын көлшіктер қалыпты жағдайға айналып барады. Кейде жиналған судың көлемінен жаяу жүргіншілер түгілі, көліктер де жүре алмай қалып жатады. Осындай жиналған сулар асфальттарды да тез бүлдіріп, қала бюджетіне қомақты зиян келтіріп отыр. Кешелі бері жаңбыр жауғалы қала көшелерінде тағы да көлшіктер көбейіп кетті. Жаңбырдан кейінгі Алматыны Massaget.kz тілшісі бақылап шыққан еді.

Алматы қаласының Момышұлы даңғылы мен Төле би көшесінің бойындағы "Рetrol Gas" жанармай кұю бекеті жаяу жүргіншілер жолының үстіне салынған. Осының салдарынан жауын суы кететін арықты бітеп тастағандықтан, осындай көлшіктер жиі жиналады. Аялдамаға дейін созылып жатқандықтан, қоғамдық көлік күткен тұрғындарға кедергі де келтіріп отыр.

Бұл алып шахардағы бірінші жағдай емес. Момышұлы көшесі мен Райымбек көшесінің қиылысындағы көп қабатты үйге кіре берістегі жолдағы көлшіктің сиқы осындай.

Райымбек даңғылымен Дәуренбек көшесінің қилысындағы таңертеңгі жауын суы әлі жатыр. 

Райымбек даңғылымен төменірек түсе бергенде осындай көлшік суы көруге болады.

Төле би көшесі мен Жұмалиев көшесінде аялдамаға жақын жерде үлкен көлемдегі көлшік жиналып қалған. Бұл көлшіктер қаладағы асфальттарға қалай әсер етеді. Маман пікірін де білген едік. 

"Алғаш Алматыға Дінмұхамед Қонаев мемлекет басшысы болып тұрған уақытта, қалаға "Үлкен Алматы каналын" салды. Оның басты себебі, жауын-шашын сулары осы канал арқылы ағып кетуін қарастырған. Өкінішке қарай, Қонаев кеткеннен кейін ол канал сол күйі іске аспай қалды. Екінші мәселе, қала көшелеріндегі көлденең арықтардың аздығы. Мәселен, Төле би, Райымбек көшелерінде көлденең арықтар жоқ. Осының салдарынан жауыннан кейін көлшіктер көп жиналатындығы да сондықтан. Қазір осы олқылықтарды реттеп, жасап жатыр мұны айтпай кетуге болмайды. Сондай-ақ, шахардағы ірілі, ұсқа базарлардың да зияны жоқ емес. Жаңбыр суларының ағып кетпей, көлшік болып жиналуына арықтардың бітеліп қалуына осы базарлардан шығатын пластмассалардың кесірінен", - деді техника ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық көлік академиясының академигі Әбді Қиялбаев.

Әбді Қиялбаевтың айтуынша,  көлшік суларының асфальтқа тигізер зияны өте үлкен.

"Мысалы, судың ішіне тас салып қойсаңыз бірнеше уақыттан кейін ыдырап бастайды. Асфальттар да дәл сондай. Ал қала көшелерінің асфальттарының мерзімі бір ақ жыл. Қаламыздағы көшелердің көбісі КСРО кезінде салынған қазір тек бетін ғана жөндейді. Бұл дұрыс емес. Көрші Ресей мемлекетінің Петербург қаласын алайық. Петербург Алматы секілді суды оңай сіңіріп алатын қала емес. Ылғалды болғандықтан жер астындағы суағар арналарын белігілі бір схемамен жасағанның арқасында жауын суы жиналмайды. Бізгеде осындай жұмыстар керек. Әйтпесе алдағы уақытта жыл сайын су мен жаңбы бүлдірген асфальтты қайта дұрыстап отыра береміз" дейді маман. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Ертіс өзенінің құрғап кеткенін хабарлаған едік.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Алғабек