Мемлекет басшысы Марокко Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Марокко Короліне құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Мұхаммедті Марокко Корольдігінің ұлттық мейрамы – Таққа отырған күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Марокко арасындағы сенімді қарым-қатынастың одан әрі жандана беретініне сенім білдіріп, VI Мұхаммедтің қызметіне табыс тіледі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!