Ұлытау облысында жол апатынан 5 адам қайтыс болды

Ұлытау облысында жол апатынан 5 адам қайтыс болды , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

27 шілде сағат 15:20 шамасында Жезқазған-Қарағанды тас жолында Toyota 30 автокөлігі мен жүк көлігі соқтығысты.

Салдарынан Toyota-ның жүргізушісі мен 4 жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Полиция көлік жүргізушілерінің жолдағы сақтық шараларын естен шығармауды ескертті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!