Шымкентте жүк көлігі сегіз жеңіл көлікті соқты

Шымкентте Howo миксер жүк көлігі сегіз жеңіл көлікті соққан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 26 шілдеде сағат 10:15 шамасында болған. "Самал" базарына қарай бағыт алған жүк көлігі Рысқұлов және Қазиев көшелерінің қиылысындағы бағдаршамда тоқтап тұрған сегіз автокөлікті соққан.

Салдарынан Mazda автокөлігінің жүргізушісі және Toyota Camry көлігінің жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Жүк көлігінің тежеуіші кенеттен істен шыққан. Ал оны тізгіндеген жүргізушінің жүк көлігін басқаруға құқығы жоқ екені анықталған. Оған Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы 3-бөлімі бойынша хаттама толтырылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!