"Оператор РОП"-тың бұрынғы құрылтайшысы елге экстрадицияланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Бас прокуратурасы мен Интерполдың көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға халықаралық іздеуде жүрген "Оператор РОП" ЖШС-ның бұрынғы құрылтайшысы Шынар Мұқтарованы экстрадициялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ол "Оператор РОП" ЖШС бас директоры С.Коротенкомен бірге 920 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді. 27 шілдеде сағат 19:01-де Мұқтарова Астана әуежайының аумағында ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!