Сымға ілініп қалған: Тікұшақтың жантүршігерлік апатқа ұшыраған видеосы тарады

Сымға ілініп қалған: Тікұшақтың жантүршігерлік апатқа ұшыраған видеосы тарады
Фото: Mash телеграм-арнасы

Алтай Республикасында Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады, қаза болғандар бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға Қазақстан шекарасына жақын аумақта, Тұңғыр ауылы маңында болған. Жантүршігерлік видео Mash телеграм-арнасында жарияланды. Кадрларға тікұшақтың құлаған сәті түсіп қалған. Ол бастапқыда қонуға дайындалып, жерге жақындап келе жатқаны көрінеді. Қонуға таяғанда тікұшақ жақын маңда тұрған бағанадағы сымдарды іліп кетіп, айналып жерге құлайды. 

Тікұшақ құлағаннан кейін өрт шыққан.

Арна мәліметінше, бортта барлығы 16 адам болған: 13 турист және үш экипаж мүшесі. Олар Сібірдің ең биік шыңы Белухадан қайтып келе жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша, апат салдарынан жеті адам зардап шеккен, тағы алтауын құтқару мүмкін болмағаны айтылды.

Кейінірек апатқа ұшыраған Ми-8 ұшағының үш жолаушысы ауыр халде - денелерінің 90 пайызын күйік шалғаны хабарланды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан