Алматы Қонаев тасжолында инкассатор көлігі жол апатына ұшырады

Оқиға  27 шілде "Алматы-Өскемен" тас жолының 17-ші шақырымында болған. Инкассатор көлігінің 26 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, DAF жүк көлігімен соқтығысқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға салдарынан инкассатордағы жолаушы зардап шекті.

"Бұл дерек ҚР қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша Іле ауданының полиция бөлімінде тіркелді. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Барлық қажетті сараптама тағайындалды," - деді Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Бауыржан Аленов.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!