"1,6 миллиард теңге". Қостанай облысында жоқ етті саудалағандар ұсталды

"1,6 миллиард теңге". Қостанай облысында жоқ етті саудалағандар ұсталды
Фото: видео кадры

Қостанай облысында 2022 жылдан бері ет сату бойынша ойдан шығарылған мәмілелер арқылы бюджет қаражатын жымқырған қылмыстық топтың әрекетіне қатысты тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

 Қостанай облысында бұрын әшкереленген қылмыстық топтың 2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін ет сату бойынша ойдан шығарылған мәмілелер арқылы бюджет қаражатын жымқырған әрекеттеріне қатысты тергеу жалғасып жатыр. Ұрлықтың сомасы 1,6 миллиард теңгеден асады.

Қылмыстық схема шаруа қожалықтарының қайта өңдеу зауытында жоқ өнімдерді, сондай-ақ қылмыстық топ мүшелері арасында бөлінген субсидиялар арқылы артық салмағы бар өнімдерді жеткізіп отырған.

"Қазіргі уақытта ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің қылмыстық әрекеттеріне қатысы бар 50-ден астам шаруа қожалықтары анықталды.

Алаяқтық, ұйымдасқан топ құру және басқару деректері бойынша 17 қылмыстық іс тіркелді. Топ мүшелерінің банк ұяшықтары мен есепшоттарында шетел және ұлттық валюталық жалпы сомасы 3 миллионнан астам АҚШ доллары бар екені анықталды.

Алдын ала тергеу барысында қожалық басшылары кінәсін мойындап, 62 миллион теңгеден астам қаржыны өз еркімен мемлекет кірісіне қайтарды.

Тергеу барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 5 белсенді мүшесі қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, ұйымдасқан топты ірі ет өңдеу кәсіпорнының директоры басқарған, оның құрамына қарамағындағылар, шаруа қожалықтарының басшылары, мал дәрігерлері мен лауазымды тұлғалар кірген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Алғабек