Қазақстанда жалға берілетін баспана қайта қымбаттап жатыр

Қазақстанда жалға берілетін баспана қайта қымбаттап жатыр
Фото: © elements.envato.com

Қазақстанда жалға берілетін баспана қайта қымбаттай бастады. Krisha.kz мәліметінше, бір айда, яғни 27 маусым мен 26 шілде аралығында орташа көрсеткіштер 4,2 пайызға өскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тұрғын үйді жалға беру бойынша ұсыныстар бағасына мониторинг жүргізілетін 13 қаланың 11-інде бағаның өсуі тіркелген.

Мөлшерлеме өскен өңірлер:

  • Қостанай, Петропавлда: әрқайсы +10 пайызға;
  • Алматы, Шымкент: әрқайсы +7 пайызға;
  • Ақтау: +5 пайызға;
  • Ақтөбе: +4 пайызға;
  • Астана, Қарағанды, Орал: әрқайсы +3 пайызға;
  • Павлодар, Көкшетау: әрқайсы +2 пайызға.

Атырауда баға өзгерген жоқ (0 пайыз). Ал Өскеменде 1 пайызға төмендеген.

Бұл ретте қаңтардан бергі динамикаға көз жүгіртсек, онда жалдау ақысы орташа есеппен 3 пайызға ғана қымбаттаған.

Мұнда да көшбасшылар қатарында Қостанай (+13 пайыз), сондай-ақ Ақтау (+10 пайыз), Ақтөбе (+9 пайыз) тұр.

Сонымен қатар, жалға алу бағасы төмендеген өңірлер:

  • Көкшетау қаласында: - 6 пайыз;
  • Өскемен: - 5 пайыз;
  • Алматы: - 1 пайыз.

Сұраныс пен жалға алу бағасының өсуі шілденің ортасында басталған.

Жалпы, бүгінгі жағдай былтырғыдай және бағаның маусымдық өзгеруіне байланысты екені айтылды. Мәселен, бір жыл бұрын Алматыда тамыздың ортасына қарай пәтер жалдау ақысы 15 пайызға қымбаттаған.

27 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстан қалаларында жалға берілетін тұрғын үйлердің орташа бағасы мынадай:

  • бір бөлмелі пәтерлер – 124 мың теңге;
  • екі бөлмелі пәтерлер – 165 мың теңге;
  • үш бөлмелі пәтерлер - 209 мың теңге;

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан