Хан сарайы: Қостанай облысында ауыл әкімі туыстарына жер телімдерін заңсыз таратып берген

Хан сарайы: Қостанай облысында ауыл әкімі туыстарына жер телімдерін заңсыз таратып берген
Фото: ng.kz

Қостанай облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңес Мичурин ауылдық округінің әкіміне жер телімін туыстарына бергені үшін ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Наша газетаға" сілтеме жасап. 

Прокуратура мәліметінше, Қостанай ауданы Мичурин ауылдық округінің әкімі Балтабек Жұмағалиев сегіз туысқанына жер телімін беруге рұқсатқа заңсыз қол қойған. Прокурор әкім туыстарының арасында ерлі-зайыпты, әке мен бала барын айтты.

"Әкім Алтынсарин ауылынан жер телімін берді, мұнда 1000-нан аса адам жер кезегінде тұр және ол 2016 жылдан бері жылжымай тұр. Бұл адамдар кезекте тұрмай, көрші болып шыға келді", - деді прокурор.

ng.kz

Бұл жағдайға қатысты әкім пікір білдіре алмады. 

"Заңдағы қайшылыққа байланысты жерді мен емес, комиссия берді", - дейді Балатбек Жұмағалиев. 

Қандай қайшылық болғанын ол нақтыламады.

"Олар нағыз хан сарайын салғысы келген" - деді кеңес мүшелерінің бірі.

Көпшілік дауыспен әкімге қызметтің толық орындалмағаны туралы ескерту берілді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек