"Дастархан басында". Головкин Қазақстанға оралғаннан кейінгі алғашқы фотосын жариялады

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Қазақстанға оралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол Instagram-дағы парақшасында дастархан басында түскен фотосын жариялады. Дастарханнан ет пен бауырсақты және айранды көруге болады.

Ал боксшы қолына өз атымен шығатын энергетикалық сусынды ұстап алған. 

"Дастархан басында? Хорошо дома!?????? Home sweet home", - деп жазды боксшы.

Еске салайық, бұған дейін орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин Қазақстанға оралатынын жазған едік. Бұл туралы қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Ол Головкинмен бірге түскен фотосын жүктеп, "Елге Гена ағамызбен қайттық" деп жазған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!