Алматыдағы тергеу изоляторында есірткіні шоколадтың арасына тығып өткізбек болған

Алматыдағы тергеу изоляторында есірткіні шоколадтың арасына тығып өткізбек болған
Фото: polisia.kz

Алматыда тергеу изоляторына әкелінген сәлемдемеден есірткі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

№72 мекемесінде сот үкімін күтіп жатқан танысына шоколодтың арасына тығып, есірткі өткізбекші болған А. есімді азамат ұсталды.

Көздің жауын алатын жылтыр қағаздағы тәттіні ашып тексерген бақылаушы исі өткір ұнтақты анықтады.

Бұл факті бойынша Алматы полиция департаменті Түрксіб аудандық полиция басқармасынан жедел тергеу тобы шақырылып, арнайы сараптама тағайындалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан