Алматы қаласында Райымбек даңғылы бойымен жол жүру қозғалысы ішінара шектеледі

Алматы қаласында Райымбек даңғылы бойымен жол жүру қозғалысы ішінара шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz.

28 шілде сағат 22.00-ден 27 тамыз аралығында Алматы қаласының Жетісу ауданында Райымбек даңғылы бойында Байзақов көшесінен Казаков көшесіне дейін батыс бағытта автокөлік қозғалысы жабылады.
Аталған жол сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін құбыржолдарда жоспарлы жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.

"Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз", - деді "Алматы жылу жүйесі" ЖШС мамандары.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!