Алматыда қанша жаңа тұрғын үй кешені салынып жатыр?

Алматыда қазір 148 тұрғын үй кешені салынып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл сауалға Қала құрылысын бақылау басқармасы (ҚҚБ) жауап берген. Ведомство мәліметінше, бұл ақпарат биылғы 1 шілдеге қатысты. Әл-Фараби даңғылынан жоғары бірден 25 тұрғын үй кешені салынып жатыр.

"Тапсырыс беруші құрылыс-монтаждау жұмыстары басталғанға дейін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдарды құрылыс-монтаждау жұмыстары жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабардар етуге міндетті.

E-License электрон порталы арқылы құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаларға сәйкес, 1 шілдедегі жағдай бойынша Алматы қаласында 148 тұрғын үй кешені салынып жатыр, оның ішінде Бостандық ауданындағы Әл-Фараби даңғылының жоғары жағында - 18 және Медеу ауданында - 7", - деді басқарма өкілдері.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!