Грекияда өрт сөндіру ұшағы апатқа ұшырап, борттағы адамдар қаза тапты

Грекияда өрт сөндіру ұшағы апатқа ұшырап, борттағы адамдар қаза тапты
Фото: xtypos.gr

25 шілдеде Canadair ұшағы Грекияның Эвбей аралындағы Каристос қаласында өртті сөндіру кезінде апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Xtypos сайтына сілтеме жасап.

Грекияның авиациялық штабы апатқа ұшыраған өрт сөндіру ұшағының екі ұшқыштың да қаза тапқанын хабарлады.

Грекияның Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ұшақта қаза болғандар 36 жастағы эскадрилья командирі Кристос Мулас пен 26 жастағы лейтенант командирі Периклис Стефанидис.

Ұшқыштардың қазасына байланысты Грекияның Қарулы күштері үш күндік қаралы күн жарияланғанын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Грекияда бір аптадан астам уақыт бойы орман өртеніп жатыр. Осыған дейін туристер дүрбелеңмен Родос аралынан кететіні туралы хабарланған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Алғабек