"Ішіне жын кіріп кетіпті" деген қаншалықты рас? Жамбылдық қари-имам адамсенгісіз оқиғалар айтып берді

"Ішіне жын кіріп кетіпті" деген қаншалықты рас? Жамбылдық қари-имам адамсенгісіз оқиғалар айтып берді

Аласұрып, біреуге соқтығыспаса жүре алмайтындарды қазақ "Жын соққан" деп жатады. Соңғы жылдарда ел арасында "ішіне жын кіріп кетіпті" дейтін оқиғаларды жиі еститін болдық. Бұл қаншалықты рас? Massaget.kz тілшісі жамбылдық қари-имам Махмуджон Асадуллаевпен мұның мәнін сұрап көрді.

Арнайы жерлерде оқылатын Құран сүрелері бар.

"Адам Алла харам еткен нәрселерден өз бойын аулақ ұстағаны абзал. Ондай нәрселерге жындар үйір болады. Ал пенде өзін тыйып ұстамаса, олар ішіне кіріп алуы мүмкін. Жасыратыны жоқ, "ішіндегі жынды" шығарып беруімді сұрап, алдыма келетіндер көп. Ондай кезде арнайы аяттарды оқып, дем салғанда жындар өзімізге күш көрсетеді. Ел аузында айтылатын – "жындар кәпір және мұсылман жындар болып бөлінеді" деген сөз рас", - дейді имам.

Махмуджон Асадуллаев өз ұстазының адамның ішінде жын бар-жоғын бірден сезіп қоятынын айтып, әртүрлі оқиғаларды әңгімелеп берді.

"Бірде мынадай жағдай болды. Жақындары қатты ауырып, қиналып жүрген кісіні әкелді. Оның ішіне кіріп алған жын қатты қасарысып алған екен. Шығару қиынға соқты. "Сонда қалай кірген?" - дейсіз ғой. Хал үстінде жатқан адам моншаға түскенде арнайы оқылатын дұға-аяттарды оқымаған екен. Ал ол жерді иектеген жындар бар екен. Әлгі азамат оларды көре алмайтын болған соң, байқаусызда бір шелек ыстық суды шашып жіберіп, жынның балаларын күйдіріп, өлтіріп қояды. Үлкені соған ерегісіп, адамның ішіне кіріп, оны қинаған", - деп ол үрейлі әңгімені әріден тарқатты.
Оның ұстазы жынмен тілдесіп, "Ол сенің балаларыңды әдейі өлтірген жоқ. Оларды көрмеген соң, байқамай ыстық су шашқан. Сондықтан оны мазалама дегенде: жын "Құран сүрелерінде арнайы жерлерге барғанда оқылатын сүрелер бар. Ол моншаға кіргенде оқылатын дұға аяттарын оқығанда, мен сол кезде балаларымды алып, шығып кетер едім. Енді өзінен көрсін", деп ерегісіпті.

Имам жаңа отбасын құрған ер азаматтың сұлу келіншегіне ғашық болған жын туралы оқиғаны да әңгімелеп берді.

Ол әйелдің көзіне ғана көрініп жүріпті. Соңында үйде кикілжің, ұрыс-керіс көбейген. Қанша тырыссақ та, әйелдің бойынан әлгі жынды шығара алмадық. Соңында екі жас ажырасып тынды, - деді Махмуджон Асадуллаев.

Бұрын ата-апаларымыз қыз балаларға, әйелдерге жалаң бас далаға шықпау керек екенін ескертіп, түн ішінде суға жібермей, тыйым салып жататын. Қазақтың ырым-тыйымдарының астарында оларды көзге көрінбейтін күш иелерінен қорғау ниеті жатқанын түсінуге болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Алғабек