Mercedes EQE 350 көлігі гаражбен бірге өртеніп кетті

Mercedes EQE 350 көлігі гаражбен бірге өртеніп кетті
Фото: kolesa.kz

АҚШ-тағы Сент-Джонс округінің (Флорида штаты) Нокати қалашығында 2023 жылғы Mercedes EQE 350+ тұрған гараж өртеніп кетті, құтқару қызметі оның себебін анықтап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі kolesa.kz сайтына сілтеме жасап.

Дженнифер Руотоло өз көлігін автосалонға жөндеуге беріп, электромобильді уақытша мініп жүрген. Руотолоның айтуынша, EQE көлігі гаражда бір тәулік қана тұрған, ол кезде әйел жұмыста болған. Сағат 8:30 шамасында гараждан дыбыс естіліп, көп ұзамай өрт шыққан, электромобильді шарпыған қызыл жалын гаражды толық отқа орап, үй шатырына тарала бастаған.

Гаражда қуаттау құрылғысы болмаған, өйткені Дженнифер мен оның күйеуі электромобиль мінбейді, соған қарағанда өрт EQE-нің ішінен шыққан тәрізді.

Автоөндіруші өкілдері тергеу жүріп жатқан кезде түсініктеме беруден бас тартты. Бұрын Mercedes аккумуляторды басқару жүйесінің қателігіне байланысты осы модельді кері қайтарып алған. Бұл электромобильдің иесіне жоғары вольтты жүйеде ақаулық бар екендігі туралы ескертпеуінен болуы мүмкін.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Алғабек