Ер адам бармен қыздың басынан стақанмен ұрып, ақшасын тонап кеткен

Ер адам бармен қыздың басынан стақанмен ұрып, ақшасын тонап кеткен
Фото: https://q1057.com/

Ер адам бармен қыздың басынан стақанмен ұрып, ақшасын тонап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі diapazon.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Ақтөбе қаласындағы Жанқожа батыр көшесіндегі барда болған. 38 жастағы ер адам барда алкогольдік ішімдік ішкен. Барда өзі мен бармен қыздан басқа ешкімнің жоқтығын көріп, тонауға бел буған. Алдымен ол қыздың бетіне стақандағы сырасын шашып, кейін оны барға сүйреп апарып, кассадан ақша алуды талап еткен. Қорыққан бармен қыз оның айтқанын орындап, кассадан қолма-қол ақшаны шығарып берген. Мас ер адам мұнымен тоқтамай, қыздың басына сыра стақанын сындырған. Содан кейін ол сынған стақанды алып, қыздың басынан тағы бір рет ұрып, аяғымен тепкілеген. Сосын ақшаны алып, бардан қашып кеткен. Ер адам ұсталды.

Сот шешіміне сәйкес ер адамды 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеу туралы үкім шығарды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Алғабек