Көлігіңізді өрттен сақтау үшін мына кеңестерді біле жүріңіз

Елордада өртенген көліктердің көбі шет елдерде жасалған темір тұлпарлар. Мұны Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі astanatv.kz телеарнасына сілтеме жасап.

"Өрттің басым дені шет елдерде құрастырылған автомобильдерде болады. Ұзақ қызмет ету мерзімі де, бәсекелестік ортада техникалық тексерудің сапасыз жүргізілуі де әсер етеді", - деді Еркін Отарғалымұлы.

Сондай-ақ ол мына ережелер мен талаптарды үнемі қаперде ұстауға шақырады:

  • көліктегі ақауларды уақытылы жою, электр сымдарды, бак және бензин тұратын жүйелердің техникалық жай-күйін бақылау;
  • қосымша жабдықты орнату және қызмет көрсету шараларын тек мамандандырылған орталықтарда жүргізу;
  • көлікте өрт сөндіргіш баллондардың болуы;
  • салқын күндері қозғалтқышты ашық күйдегі отпен жылытпау.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!