Түркияда орман өртеніп жатыр: қызыл жалын қонақүйлерге жақындай бастаған

Түркияда орман өртеніп жатыр: қызыл жалын қонақүйлерге жақындай бастаған
Фото: SHOT Telegram-арнасынан

Түркияның танымал туристік курорты - Кемерде орман өртке оранып жатыр. Қызыл жалын Гёйнюк ауылындағы қонақүйлерге жақындай бастаған. Бұл туралы ресейлік туристер Telegram-арналарда хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Travel сайтына сілтеме жасап.

Өрт Антальядан бірнеше шақырым жерден де көрініп тұр. Жел салдарынан өрт тез тарап, бірнеше ауылдық округке жақындай бастаған. Орман массиві өртке оранып жатыр. 

Mirada del mar қонақүйіне орналасқан туристің сөзінше, қызметкерлер өртке қатысты алаңдаушылық білдіріп те, қонақтарды эвакуациялап та жатқан жоқ. Эпицентрге жақын қонақүйлердегі жағдай қандай екені белгісіз. Туристік чаттардағы мәлімет бойынша, өрт шыққан жерде балалар лагері жақын орналасқан. 

Түрік БАҚ-тарының мәліметінше, өрт бригадасы Антальяның үш ауданында және Маниса, Кахраманмараш провинцияларында өртті сөндіруге бар күштерін салып жатыр. 

Ел президенті Режеп Тайы Ердоғанның сөзінше, өртті сөндіруге 24 ұшақ, 100 тікұшақ және 25 мың өртсөндіруші жұмылдырылған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина